
ИДЕАЛ СҰЙЫҚ – тұтқырлығы болмайды, жылу өткізбейді деп ұйға- рылған сұйық. Идеал сұйықтың ішкі үйкелісі, яғни көршілес екі қабат ара- сында жанама кернеуі жоқ, үздіксіз және оның құрылымы болмайды. Гидроэромеханика қарастыратын көптеген жағдайлардағы ағындарды осылайша құрылымдау қатты денелерді жеткілікті қашықтықта орап ағатын сұйықтар мен газдардың нақты ағындарын жақсы сипаттайды. Идеал сұйық моделін пайдалану әртүрлі пішінді арналарда ағатын сұйықтар мен газдар қозғалыстарының теориялық мәселесін шешуге мүмкіндік береді.