ИДЕАЛ ГАЗ

ИДЕАЛ ГАЗ (французша: идеал – үлгі, кемел нәрсе) – өз бөлшектерінің өзараәсерлесуі ескерілмейтін газдың теориялық моделі (бөлшектердің кине- тикалық энергиясы олардың өзараәсерлесу энергиясынан әлдеқайда артық). Бұл газ классикалық және кванттық идеал газ болып бөлінеді. Классикалық идеал газдың қасиеттері классикалық физиканың заңдарымен – Клапейрон теңдеуімен және оның дербес жағдайы: Бойль – Мариотт заңымен, Гей-Люссак заңымен сипатталады. Классикалық идеал газ – бөлшектерінің энергиясы бо- йынша Больцманның үлестіруіне сәйкес анықталады. Егер нақты газ жеткілікті түрде сиретілген болса, ол классикалық идеал газдың моделімен сипатталады.

Егер де Бройль толқындарының ұзындығы жылулық жылдамдық кезінде бөлшектердің ара қашықтығымен өлшемдес болса, газ температурасы төмендеген немесе оның тығыздығы артқан кезде идеал газ бөлшектерінің толқындық (кванттық) қасиеттерінің маңызы арта түседі.

       
       


Сонымен қатар бүтін санды спині болатын бөлшектерден құралған кванттық идеал газ Бозе-Эйнштейн статистикасымен, ал бүтіннің жартысына тең спинді бөлшектерден құралған газдың тәртібі Ферми-Дирак статикасымен сипатталады.

ИДЕАЛ КРИСТАЛЛ – өзінің барлық көлемінде кез келген құрылымдық ақауларвакансиялар, қоспалы атомдар, дислокациялар, т.б. жоқ кемел үш өлшемді-периодты торлы кристалл.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *