ЗЕЕМАН ЭФФЕКТІСІ

ЗЕЕМАН ЭФФЕКТІСІ – магнит өрісінде атомның және басқа атомдық жүйелердің энергиялық деңгейлерінің және спектрлік сызықтарының бөлшектенуі. Бұл құбылысты магнит өрісінде натрий буының жарқылын зерттеу нәтижесінде 1896 жылы нидерланд физигі Питер Зееман (1865–1943) ашқан. Магнит өрісі әсерінен атомдардың энергетикалық деңгейлері бөлшектеніп, әрқайсысы әртүрлі толқын ұзындығына сәйкес келетін бірнеше зеемандық кіші энергетикалық деңгейлер пайда болады. Кіші деңгейлер арасындағы ауысулар кезінде бір спектрлік сызықтың орнына бірнеше полярланған құраушылар (компоненттер) пайда болады. Зееман эффектісі кванттық жүйелерде (мысалы, атомда) атомның механикалық моментімен қатар магниттік моментінің байланысты болуы себепті туындайды және ол кеңістікте тек белгілі бір бағытқа бағытталады. Магниттік моменттің мүмкін болатын бағыттары энергия деңгейлерінің Зееман эффектісін бақылаудың сұлбасы:

айну дәрежесіне тең болады. Зеемандық К – сәуле көзі (М магниттің полюстері арасында орналасқан); Л – линза, П –

бөлшектенуді зерттеу атомдардың «жұқа» поляроидтар,                         ұзындығы                                  1/4λ-ға                               тең

(нәзік) құрылымын зерттеу үшін маңызды. пластинка полярлану сипаттамасын анықтауға арналған.

Зееман эффектісін бақылау үшін сызықтық спектр шығаратын жарық көзі қуатты электрмагнит полюстерінің арасына орнатылады. Бұл қондырғыда әрбір спектрлік сызық бірнеше құраушыға жіктеледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *