ЗЕЕБЕК ЭФФЕКТІСІ

ЗЕЕБЕК ЭФФЕКТІСІ (латынша «эффектус – әсер») – өзара жалғастырылған жапсарларының температуралары әртүрлі болатын әртекті өткізгіштерден құрал- ған тізбектеліп қосылған электр тізбегінде электрқозғаушы күштің (ЭҚК) пайда болуы. Бұл құбылысты 1821 жылы неміс физигі Томас Зёебек (1770 – 1831) ашқан. Терможұп арқылы температураны өлшеу тәсілі осы Зёебек эффектісіне негізделген. Зёебек эффектісі термоэлектрлік құбылысқа жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *