
ЗАТ – материяның тыныштық массасы болатын түрі. Зат тыныштықтағы массасы нөлге тең емес қарапайым бөлшектерден (негізінен электрондардан, протондардан және нейтрондардан) құралған. Классикалық физикада зат және физикалық өріс материяның екі түрі ретінде бір-біріне қарама-қарсы қойылған, заттың құрылымы дискретті (үзік-үзік), ал өрістің құрылымы – үздіксіз болады. Кванттық физикада кез келген микронысанға корпускулалық-толқындық екі жақтылық идея енгізілген. Зат пен өрістің өзара тығыз байланыстылығын айғақтау материяның
а б в
Қатты денедегі, сұйықтағы және газдағы молекулалар. а – қатты денелердегі молекулалар дұрыс жүйе құрайды; бүкіл қатты денелер кристалдық денелер. Молекулалар азды-көпті тұрақты қалпын сақтайды, жылыту шамасына орай молекулалар біртіндеп тербеліс жасай бастайды; б – сұйықтағы молекулалар біріне-бірі жақын орналасқан, бірақ көршілер арасында еркін қозғала алады. Температура артқан сайын тез қозғала бастайды; в – газдардағы молекулалар бірінен-бірі алыста болады, шапшаң қозғалады, кейде өзара соқтығыса алады. Молекулалар соқтығысқан кезде молекулалар бірімен-бірі соқтығысатын болады, өзге уақыттардағы біріне-бірінің ықпалы аз болады.
құрылымы туралы түсінікті тереңдетті. Заттардың 4 күйі белгілі: қатты заттар, сұйықтар, газдар және плазмалар.