ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ

ЖЫЛУ ТАСЫҒЫШ – жоғары температуралы дене жылуын температурасы төмен денеге ауыстыратын қозғалмалы орта (газ, бу, сұйық). Жылу тасығыш қыздыру, салқындату, кептіру, термиялық өңдеу және жылумен қамтамасыздау, жылыту, желдету жүйелері мен жылу құрылғыларында технологиялық мақсаттарға пайдаланылады. Жылу тасығыш зат ретінде газ, бу, ыстық су, сынап, калий, натрий, германий, т.б. заттар пайдаланылады.

Ядролық реакторлардағы жылу тасығыштар ядролық ыдырау реакциясы нәтижесінде бөлінетін жылуды активті зонадан тысқары алып шығады. Әрі реакторды салқындатады. Осы мақсат үшін әдетте ауыр су, дистилденген су, су буы, органикалық сұйықтар, СО2, Не, сұйық металдар пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *