Сөйлеу тілі кемістіктерін топтастыру

1. Тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) ( В.Олтушевский, Г.Гуцман, Э.
Фрешельс , С.М. Доброгаев, М.Е. Хватцев, Ф.А. Рау, О.В.Правдина, С.С. Ляпидевский, Б.М.Гриншпун, т.б.).
2. Клиникалық-педагогикалық топтастыру.
3. Медициналық аспекті. Психологиялық аспекті. Логопедиялық аспекті.
4. Ауызша сөйлеу тілінің бұзылуы.
5. Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы.
6. Психологиялық- педагогикалык топтастыру.
Дәріс тезистері: Логопедия ғылымында көп уақытқа дейін шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі — жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыру (классификация) болып табылады. Оған бөгет болатын жағдайлар, біріншіден, тіл кемістіктерінің көптеген түрлерінің кездесуі және олардың таза, нағыз күйінде кездеспей, күрделі түрде болуы. Сонымен қатар сөйлеу тіл бұзылыстарының себептеріне деген ғалымдардың көзқарастары әр түрлі болуы. Осының бәрі тіл кемістіктерін ғылым жүзінде дәлелдеп, топтастыруды қиындатады. Сондықтан қазіргі таңда сөйлеу тілінің бұзылыстарын топтастыру мәселесі әлі де өзекті деуге болады.
Логопедия өзінің алғашқы қалыптасу кезінде жеке классификациясы болмаған және осы классификация жайында мәселе көтерілмеген де. Өйткені сол кезде логопедия еуропалық медицинаның тіл кемістіктерін зерттеуіндегі үлкен жетістіктерінің әсерінде болды және ХІХ ғасырдың аяғында ХХ ғасырдың басында солардың қалыптасқан классификациясына сүйенетін. Алғашқы классификациялардың бірін Куссмауль (1877) құрастырған. Ол тіл кемістіктерінің түрлері жайында бұрыннан қалыптасқан көзқарастарға сындық талдау жасап, тіл кемістіктері туралы түсініктерді жүйелеп, терминологиясын ретке келтірді. Бұл топтастыру кейіннен клиникалық деп аталды. Осы топтастыру ХХ ғасырдың басында көптеген шетелдік, рессейлік ғалымдардың жүргізген зерттеу жұмыстарының модификацияларының негізіне алынды: В. Олтушевскийдың, Г. Гуцманның, Э. Фрешельстің , С. М. Доброгаевтың.
Тіл кемістіктерін топтастыру мәселесі шетелдік ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Мысалы, АҚШ ғалымы Бердайнның 1985ж. «Мамандыққа кіріспе» атты кітабі жарық көрді. Мұнда автор тіл кемістіктерінің классификациясын беріп, оларды келесі топтарға бөледі:
1. артикуляциялық бұзылыстар; 2. дауыстың бұзылуы:
а) дауыстың жоғарлығының бұзылуы:
— дауыстың бұзылуы (ломка) — дауыстың вариациясының болмауы. б) дауыстың қаттылығының бұзылуы
в) мұрындық ренкпен сөйлеу (гнусавость)
г) тыныс алудың бұзылуы
д) дауыстың қырылдап шығуы
3. Сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының бұзылуы – тұтықпа.
Бұл классификацияның құрылу критерийлері рессейлік классификацияға қарағанда басқаша. Бірақ, қандай классификация болмасын, барлығы логопедиялық жұмысты жаңартуға бағытталған. Сонымен, тіл кемістіктерін талдау, топтастыру мәселесі әліде өзекті мәселе деуге болады.
Сөйлеу тіл кемістіктері ұзақ уақыт медициналық-биологиялық пәндер циклының зерттеу пәні болғандықтан сөйлеу тілі бұзылыстарының клиникалық топтастыру кең таралған (М. Е. Хватцев, Ф. A. Pay, О. В. Правдина, С. С. Ляпидевский, Б. М. Гриншпун және т.б). Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
6. Дүйсенбаева , Р. Д. Логопедиялық түзету жұмыстары [Текст] : оқу әдістемелік құрал / Р. Д. Дүйсенбаева Ақтөбе : [б. и.], 2009.
7. Логопедия [Текст] : оқулық / Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С. Оразаева [и др.]. — Алматы : Дәуір, 2011.
8. Төребаева, К. Ж. Логопедия негіздері [Текст] : оқулық / К. Ж. Төребаева. — Ақтөбе : АқМПИ, 2012. — 256 бет.
9. Логопедия негіздері [Текст] : оқу құралы / К.К.Омирбекова, Г.Н.Тулебиева, Г.М.Коржова және т. б. — Алматы : Нур-Принт, 2014
10. Дүйсенбаев, А. Қ. Логопедия негіздері [Текст] : оқу құралы / А. Қ. Дүйсенбаев, М. Р. Балтымова. — Алматы : Отан, 2016.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *