ЕРКІН ТЕРБЕЛІС.ЕРКІН ТҮСУ

ЕРКІН ТЕРБЕЛІС, меншікті тербеліс – сыртқы әсерлер болмайтын кездері бастапқы энергия ықпалымен (потенциалдық немесе кинетикалық, мысалы, механикалық жүйелерде бастапқы ығысу немесе бастапқы жылдамдық арқылы) жүзеге асырылатын механикалық, электрлік немесе кез келген өзге жүйелердегі тербеліс. Еркін тербеліс – әрқашан өшетін тербеліс болады. Сызықтық жүйелердегі еркін тербеліс суперпозициялық қалыпты тербелістерге жатады.

ЕРКІН ТҮСУ – дененің Жердің тарту күші өрісінде бастапқы жылдамдығы нөл болатын (яғни бастапқы жылдамдығы болмайтын кездегі) қозғалысы. Еркін түсу тартылыс күшінің әсерінен жүзеге асады. қ. Дененің еркін түсуі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *