
ДЮФУР ЭФФЕКТІСІ – бастапқы кезде бірдей температурада болатын химиялық өзараәсерлеспейтін екі газды немесе сұйықты диффузиялық араластыру нәтижесінде температуралар айырымының пайда болуы. Эффект – термодиффузияға кері эффект. Газдардағы Дюфур эффектісі температуралар айырымы бірнеше К-ге (мысалы, сутек пен азот араластырылған кезде) көтеріле алады, сұйықтарда – бұл айырым ~10–3 К. Егер концентрациялар градиенті (арту немесе кему өлшемі) тұрақты күйде ұсталса, онда температуралар айырымы сақталады. Бұл эффектіні 1872 жылы швейцар физигі Луи Дюфур (1832–1892) байқаған (ашқан).