ДЫБЫСТЫҚ ӨРІСТІ КӨРНЕКІЛЕУ – дыбыс өрісін сипаттайтын шама- лардың таратылуының көрінерлік бейне суретін шығару әдісі. Бұл әдіс күрделі пішінді дыбыстық өрістерді зерттеу, дефектоскопиялық және медициналық диагноз қою мақсаттары үшін, сонымен қатар заттардың акустикалық кескіндерін акустикалық фокустауыш (тоғыстау) жүйелер (дыбыстық оптика) немесе акустикалық голография арқылы көрінерлік кескінге айналдыру үшін де қолданылады. Дыбыс өрісін көрсетудің қарапайым мысалы – Х л а д и н п і ш і н- д е р і.
Дыбыстық өрісті көрнекілеу әдістері: 1) дыбыстық өрістің негізгі сызықтық сипаттамаларын – дыбыс қысымын, бөлшектердің тербелмелік ығысуын, ортаның айнымалы тығыздығын пайдаланатын әдіс; 2) су бетін акустикалық механикалық күштердің, акустикалық ағындардың квадраттық эффектілерімен, Рэлей дискісінің эффектісімен деформациялауға негізделген әдістер; 3) сұйықтарда жеткілікті қарқынды дыбыстық толқындардың таралуы кезінде пайда болатын екінші ретті эффектілерді пайдаланатын әдістер: жылулық эффектілер, диффузиялық үрдісті үдету, ультрадыбыстың фотоқабатқа әсер етуі, сұйықтарды газдан арылту, акустикалық кавитациялар.
Дыбыстық өрісті көрнекілеудің 1-тәсілінде дыбыс қысымының таратылуы пъезоэлектрлік пластинка арқылы оның бетіне сәйкес электр потенциалына түрлендіріледі, осы потенциалдар электронды-сәулелік осциллограф (кинескоп) арқылы көрінетін кескінге түрлендіріледі. Ортаның тығыздығының өзгерісі дыбыстық өрісте жарық сәуленің сыну көрсеткішін өзгертеді; осы өзгеріс мысалы к ө л е ң к е л і к ә д і с п е н, фазалық контраст әдісімен, ультрадыбыстағы жарық дифракциясымен, акустикалық голография әдісімен, т.б. оптикалық тәсілдермен анықталады.
Екінші әдісте сұйықтың ішіне түсірілген дыбыстық шоқтың әсерінен сұйықтардың бос беттерінің көтеріліп, торсиып кеуіп кетуіне негізделген беттік бедер әдісі пайдаланылған. Осы бедерлер бүйірлік жарықтау кезінде анық байқалады. Үшінші әдісте ультрадыбыстық жылулық ықпал диффузиялық үрдісті үдетеді. Зерттелетін өріс дыбысты жақсы жұтатын материалдан жасалған жұқа экранға орналастырылады. Ультрадыбыстың әсерінен бірқалыпты болмай қыздырыла- тын экран әртүрлі тәсілдермен: жылуға сезімтал бояу және сұйық кристаллды, т.б. қолданылып көрнекі кескінге түрлендіріледі.