ДЫБЫСТЫҚ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯ (латынша «луминис – жарық» + «ескент – «әлсіз әсер» дегенді білдіретін жұрнақ») – акустикалық кавитация кезінде сұйықтағы жарқырау. Дыбыстық люминесценция кезіндегі жарқырау жарық сәуле өте әлсіз болатындықтан оны тек едәуір күшейткен соң немесе қараңғы кезде ғана байқалады. Мұның спектрі негізінен үздіксіз спектр болады. Жарқыраудың себебі – кавитациялық көпіршіктердің (көпіршіктердің ішіндегі температура 104 К-ге дейін жететін болады) жабылуы кезінде газдың немесе будың адиабаттық сығымдалуы нәтижесінде жүзеге асатын күшті қызудың салдары: осы жайт газдың және будың атомдары мен молекулаларын термиялық (жылулық) қоздыруға ұшыратады, соның нәтижесінде көпіршіктер жарқырайтын болады. Осы люминесценцияның қарқындылығы көпіршіктегі газдың мөлшеріне, сонымен қатар сұйықтың, газдың қасиеттеріне және
дыбыстың қарқындылығына тәуелді. Дыбыстық Кавитациялық өрістің жарқы- люминесценцияның пайда болуына мысалы хеми- рауы (25 кГц жиілікте жұмыс істейтін шағын ферриттік түр- люминесценция да үлес қосады.
лендіргіш түсірген)