
ДЫБЫСТАН АСҚЫН АҒЫС, асқындыбыстық ағыс – газдың қарастырылып отырған аймақтағы бөлшектерінің жылдамдығының (v) дыбыстың жергілікті жылдамдығының мәндерінен (а) артық болатын кезіндегі ағысы. Дыбыстан асқынағысты зерттеу мәселелері ұшақтар, ракеталар және артиллерия снарядтарын, бу және газ турбиналарын, жоғары қысымды турбокомпрессорлардың дыбыстан тез ағыс тудыруға арналған аэродинамикалық құбыр жасаумен байланысты туындайтын бірқатар маңызды нәтижелерді іс жүзінде шешумен байланысты қолға алынды.
Газдың дыбыстан асқынағысының дыбыс жылдамдығынан кем ағысының сапалық айырмашылығы бар. Газдағы әлсіз ұйытқу дыбыс жылдамдығымен таралады, бірқалыпты асқынағысқа орналастырылған ұйытқу көзі (мысалы, дене) тудыратын қысымның әлсіз әсері ағысқа қарсы бағытта тарала алмайды, ағыс бойынша ұйытқу конусы (СОD) деп аталатын конуспен немесе Мах конусымен (1-сызба) v>а жылдамдықпен ағыс бағыты бойынша ағатын болады. Өз кезегінде ағыстың О нүктесінде АОВ конусының
ішінде орналасқан көздерден шығатын (таралатын) әлсіз ұйытқу әсер етеді.
Дыбыстан асқынағыспен с ы н а н ы орағытып аққан кезде (2-сызба, а) сынаның бүйір бетінің бойымен ағатын ілгерілемелі ағыс сынаның төбесінен таралатын (шығатын) жазық секірісті тығыздалған ағыстан ажырайтын болады. Сынаның керілу бұрышы белгілі бір шекті секірісті тығыздық қисық сызықты болып өзгеріп, сынаның төбесінен кейін кетеді, оның соңында газдың дыбыс жылдамдығынан кем жылдамдық пайда болады. Бұл жайт маңдай жағы доғал денелерді дыбыстан асқынағыспен орағытып ағуға тән (2-сызба, б).
Дыбыстан асқынағысты жылдам- дықтағы (гипердыбысты) (v>>а) ағыс- тың бірқатар ерекше қасиеттері бар. Газда гипердыбысты жылдамдықпен ұшатын дененің бетіне жақын аймақта
температура өте жоғары мәнге дейін а – сынаны; б – доғал денені
жететін болады. Бұл жағдайда қозғалыстағы дененің маңдай жағында газ күшті сығымдалады, әрі газдың ішкі үйкелісі салдарынан жылу бөлінеді, осы жылу дене ұшқанда онымен бірге ілеседі, сондықтан газдың гипердыбыстық ағысын зерттеу кезінде ауаның жоғары температура кезіндегі қасиеттерінің өзгерістерін: ішкі еркіндік дәрежесін және ауаны құраушы газ молекулаларының диссоциациясын, химиялық реакциясын (мысалы, азоттың асқын тотығын), электрондардың қозуын және иондалуын ескеру қажет болады.