ДОЗИМЕТРИЯЛЫҚ АСПАПТАР.ДОМЕН.ДОМЕНДЕР

ДОЗИМЕТРИЯЛЫҚ АСПАПТАР, дозиметрлер – иондауыш сәулелердің дозасын және оның қуатын өлшеуге арналған құрылғылар. Сәулелердің бір түрін ғана өлшеуге арналған (мысалы, нейтрондық дозиметриялық аспаптар γ-дозиметрлері т.б.) немесе аралас сәулелерді өлшеуге арналған дозиметриялық аспаптар бар. Рентгендік және γ-сәулелерді (рентген бойынша межеленген) дозиметриялық аспаптар рентгенметрлер деп, ал эквиваленттік дозаны анықтауға арналған аспаптар (бэр бойынша межеленген) – бэрметрлер деп аталған. Дозиметриялық аспаптардың негізгі бөлігі: детектор және өлшеуіш құрылғы. Осы аспаптың екі бөлігі де бір-бірімен өзара байланысқан немесе сәулені өлшеу кезінде ғана автономды детекторы іске қосылатын болып жасалған.

ДОМЕН (латынша «доминиум – иелік») – заттың физикалық қасиеттері іргелес аймақтардан ерекше болатын шағын аймақ.

ДОМЕНДЕР (французша «домайне – иелік, аймақ, сфера; латынша «доми- ниум – иелік») – химиялық біртекті ортаның электрлік, магниттік немесе серпім- ділік қасиеттерімен немесе бөлшектердің орналасуындағы реттілігімен ерекше- ленетін аймағы. Антиферромагниттік және ферромагниттік, сегнетэлектрлік, Ганн домендеріне, серпімділік домендеріне, сұйық кристалдардағы домендерге ажыратылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *