ДОЗИМЕТРИЯ

ДОЗИМЕТРИЯ – тірі және өлі табиғаттың сәулеленетін нысандарындағы (объектілеріндегі) радиациялық эффектілерге тәуелді болатын иондауыш сәулелердің (олардың қоршаған ортамен өзараәсерлесу) сипаттамаларын өлшеу, зерттеу және теориялық есептеулер жүргізу. Дозиметрия алғашында табиғи радиоактивті рентгендік және γ-сәулелердің әсерлерінен қорғану (сақтану) қажеттілігінен дамытылған. Радиациялық эффектілер, дербес жағдайда қоршаған ортаның бөлшектерін иондауыш сәулелер энергиясын жұтуға тәуелді. Себебі ауа γ-және рентгендік сәулелер үшін судың немесе бұлшық еттің моделі бола алады.

Реакторлар, үдеткіш техникалар жасау және радиоактивті нуклидтер өндіру салаларының дамытылуына байланысты жаңа қуатты сәуле көздері пайда болды, бұлар рентгендік және γ-сәулелерден өзгеше болды. Бұлар нейтрондардың, үдетілген электрондардың, позитрондардың және зарядталған ауыр бөлшектердің ағындары. Дозиметрияны пайдалану радиациялық қауіпсіздік қызметіне таралды. Жұтылған энергияны білу тек суға және биологиялық тканьдарға да қажет болды; ауа сәулеленетін орта моделі болудан қалды. Осыған байланысты жұтылған доза әмбебап шамаға айналды. Бірақ та бірдей жұтылған дозаларда сәулелердің әсерлері олардың түріне және басқа сипаттамаларына – сәулелену «сапасына» байланысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *