
Гиббстік фазалар ережесі – термодинамикалық тепе-теңдік жағдайда тұрған гетерогендік жүйеде, фазалар саны компоненттер санынан екі екіден артық болмауы керек делінген заң. Мұны американ физигі Джозайя Гиббс (1839 – 1903) тұжырымдаған.
Кирхгоф ережелері – күрделі электрлік және магниттік тізбектерді есептеуге арналған әдістер. Бұл ережені неміс физигі Густав Кирхгоф (1824 – 1887) тұжырымдаған.
Ленц ережесі – электрмагниттік индукция құбылысы салдарынан пайда бо- латын индукциялық токтың бағытын анықтайтын ереже. Мұны 1833 жылы орыс физигі Эмилий Ленц (1804 – 1865) тұжырымдаған.
Оң қол ережесі – электрмагниттік индукция құбылысы салдарынан пайда болатын магнит өрісінде қозғалатын түзу сызықты өткізгіштің электр өрісінің бағытын анықтайтын ереже.
Сол қол ережесі – магнит өрісіндегі ток бөлігіне әсер етуші күштің бағытын анықтау тәсілі.
Іріктеу ережелері – кванттық жүйенің өзге жүйеге ауысуы кезінде кванттық сандардың өзгерістеріне қойылатын шарттар.