ӘБДІРАХМАН ӘЙТИЕВ

ӘБДІРАХМАН ӘЙТИЕВ
ТУҒАНЫНА 135 ЖЫЛ (1886-1936)

Әбдірахман Әйтиев 1886 жылы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының Кішігірім ауылында дүниеге келді. Ол жастайынан ауыртпалықпен мұқтаждықты басынан кешіріп, байларға жалданды, от жақты.
Білімге кұмарланған ол бір класты Қараоба орыс-қазақ мектебін бітіріп, оқи және жаза алатын дәрежеге жетті. Аудармашы, кейін Орал қаласындағы соттың аға іс жүргізушісі болып істейді, сосын Қараоба болыстық басқармасында көшірмешілік қызмет атқарады. 1905- 1907 жылдардағы революциялық оқиғалар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патшаның өктемдігін жоюды үміт еткен Әбдірахманның көзқарасына, дүние танымына әсерін тигізбей қалған жок.
1917 жылы Әбдірахман әуелі Қараоба болысында кейін Орал губерниясының басқа болыстарында Советтерді құруға белсенді қатысады. 1918 жылы ол Советтердің Орал облыстық аткару комитеті председателінің орынбасары болып сайланды
1918 жылы марттың 28-інен 29-на қараған түнде ақ казактар үкіметі алашордашылармен бірігіп контрреволюциялық төңкеріс жасады. Орал қаласында көптеген мүшелері тұтқынға алынды, Әйтиев қашып құтылды.
1919 жылдың қаңтарында Орал қаласы азат етілгеннен кейін революциялық комитеттің жанынан ұлттар істері жөніндегі коллегия құрылды, оның құрамына Ә.Әйтиев кірді.
1919-1920 жылдары 25 дивизияның саяси жетекшісі, Орал ревкомы ұлттық коллегиясының мүшесі, Ілбішін уезінің ревкомының председателі, Орал төтенше комиссиясы мен 22 атқыштар дивизиясының ерекше бөлімі басшыларының бірі.
Ә.Әйтиевтің қазақ республикасының тұңғыш конституциясының жобасын жасау жөніндегі сіңірген еңбегі зор. Ол Конституция жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарды. Әйтиев Советтердің бүкіл қазақстандық құрылтай съезін (1920) өткізуге белсене қатысты, Қазақ АССР ішкі істер Халкомы Ақмола губревкомының председателі болды
Халықтың адал ұлы Әбдірахман Әйтиев 1936 жылы қайтыс болды.


Әдебиеттер

Әйтиев Абдрахман //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы:Арыс,2002.- 161 б.
Көлбаев Тілеу. Әбдірахман Әйтиев-ерлік пен қасіретке толы өмір [Текст] / Т. Көлбаев, Р. Әйтиева. — Алматы : Арыс, 2006. –
324 б.
Көлбаев Тілеу. Ерлік пен қасіретке толы өмір [Текст] / Тілеу Көлбаев // Үркер. — 2016. — №11. — 40-46 б.
Революция от-жалынында [Текст] : Ұлы Октябрь социалистік революциясына және Қазақстанда азамат соғысына қатысушылардың естеліктері. — Алматы : Қазақ мемлекет баспасы, 1970. — 320 б. — 8 с.
Рысбеков Тұяқбай Зейітұлы. Тарихи тұлғалар: уақыт және өмір жолдары [Мәтін] / Т. З. Рысбеков. — Орал : Полиграфсервис, 2017.- 2 кітап. — 272 б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *