СӨЙЛЕУ ЛЕКСИКАСЫ

СӨЙЛЕУ ЛЕКСИКАСЫ

Сөйлеу тілі лексикасы — стиль түрлерінің бәрінде емес, кейбірінде ғана қолданылатын,  өзінің стильдік бояуына байланысты көбіне сөйлеу стиліне тән болып келетін сөздер. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, дәрісте, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стильдік бояуы әртүрлі сөздер жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Кез келген тілде ғылыми стильде, ресмикеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өзінде де аса көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы міне осындай сөздерді қамтиды. Сөйлеу тілі лексикасына қолданылу аясына байланысты қарапайым сөздер, табу, эвфемизмдер, диалектизмдер мен кәсіби сөздер жатады. Сөйлеу тілі лексикасы  ауызша қолданылғандықтан, кітаби (жазба) лексикамен салыстырмалы түрде қарастырылады. Сөйлеу тілі лексикасы әдеби тіл нормасында да, әдеби тіл нормасынан тыс қалыпта да емін-еркін қолданыла береді.

А.Айғабылұлы. Қазақ тілінің лексикологиясы. — Алматы, 2013.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *