СӨЗ ӘДЕБІ

СӨЗ ӘДЕБІ

Сөз әдебі – адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынастың, тілдесудің қоғамдық жұртшылық қабылдаған, ұлттық сипаты бар ережесі мен этикеті. Сөз әдебі амандасу, танысу, сұхбаттасу, ризашылық білдіру, құттықтау, жұбату, өтіну, тыңдаушының назарын аудару, сыпайлық таныту, қоштасу, құрмет көрсету сияқты адамдардың өзара қарым-қатынасы кезінде айтылатын арнайы сөздер мен тұрақты сөз орамдарынан көрінеді. Мысалы: амандасуға байланысты: күнде көріп жүргенде – амансыз ба? сәлеметсіз бе?; алыс жолдан келгенде: — ат-көлік аман ба? аман-есен келдің бе?; жасы үлкен адамға – ассалаумағалейкум!;салтанатты жағдайда көпшілікке  – армысыздар, ағайын! т.б. деп айтылады. Үлкенге құр мет көрсету мәнінде айтылатын: Мұқа, Жәке, Ғабе; туыстық атау лар: сіңілім, қайным, қайнағам, келінжан, қарындас, жеңеше; тілек мағынасыдағы:  толық болсын! таудай бол! қырқар көбейсін! қайырлы болсын!, құтты болсын! т.б. – бәрі де сөз әдебінің үлгілері болып табылады. Сөз әдебі сыпайылық, әдептілік тәрбиесіне негіз деледі.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *