СӨЗ МӘДЕНИЕТІ
Сөз мәдениеті ұғымы 1) тілдік норма; 2) этикалық норма; 3) коммуникативтік норма деп аталатын норманың үш типін қамтиды. Тілдік қарым-қатынастың белгілі бір жағдаятына қарай, сөз саптау этикасын сақтай отырып, коммуникативтік мақсатқа тиімді түрде жетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей тілдік құралдарды талғау, саралау, олардың басын қосып, біріктіруде әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормалары негіз болады.
1. Тілдік нормалар: орфоэпиялық норма, орфографиялық норма, лексика-фразеологиялық норма, грамматикалық (сөзжасамдық, морфо логиялық, синтаксистік) нормалар. Сөйлеу тілінің әдеби тілдің құрамына кіретін бөлігі болады. Сөйлеу тілінің кодификацияланған нор малардан бөлек, өзіне тән нормасы бар: саған бірдеңелерді ала кеп едім тәрізді қолданыстар жазба тіл мәтіндеріне жат болып есептеледі. Бірақ сөйлеу тілі үшін норма деп танылады. Сондай-ақ Қазақстанның экономикасы тұрақты дамуда десек, сөйлеу тілі мәтініне жат, сөйлеу тілінің нормасы емес.
2. Этикалық норма. Сөз этикасының нормасына а) моральдық принциптерге, мәдени-ұлттық дәстүрге негізделген тілдесу нормалары мен ә) сөз этикетінің нормалары жатады. Сөз этикасы, сөз этикеті белгілі бір жағдаятта тілдесудің, сөз саптаудың тәртібіне тән ережелерді сақтауды талап етеді. Сөз мәдениетінің этикалық компоненттері негізінен сөз актісінде, яғни өтіну, сұрау, ризалық білдіру, сәлемдесу, құттықтау, қоштасу, т.б. тәрізді белгілі бір мақсатқа көздеп айтылған сөз әрекетінде көрінеді. Сөз актісі қоғамда қабылданған, лингвистикалық емес факторлармен байланысты ерекше ережелер бойынша жүзеге асады. Ол сөз актісіне қаты сушылардың жасы, жынысы, олардың арасындағы қарым-қатынастың ресми, бейресми түрімен байланысты. Егер сәлеметсіз бе, амансыз ба, аман-есенсіз бе, сау болыңыз, т.б. жағдай таңдамайтын бейтарап реңкте болса, сәлем бердік, хал-ахуал қалай дегендерді, жасы қатарлас коммуникаторлар арасында болмаса, кез келген жағдайда қолдана беруге болмайды. Сондай-ақ кітапты әперіңізші дегенмен кітапқа қол жалғап жіберіңізші деген өтініштің сыпайылық реңкі бірдей емес. Қоғамда қалыптасқан этикалық норма бойынша, қандай жағдайда болмасын, бейпіл сөз айтуға үзілді-кесілді тыйым салынады. Біреуге дауыс көтеріп айғайлау, зіркілдеу, т.б. жағымсыз реңктегі интонациялық құралдардың қолданылуы сөз мәдениеті үшін теріс әрекеттер деп бағаланады.
3. Коммуникативтік нормалар. Сөз мәдениеті ұғымының коммуни кативтік компонентіне қатысты нормаларға ең алдымен тілдің функционалдық ерекшеліктеріне тән нормалар мен қарым-қатынас тың прагматикасына тән нормалар жатады. Тілдік нормада коммуникативтік компонент сөз мәдениетін айқындауда ерекше орын алады. Қарым-қатынастың нәтижелі болуы коммуникативтік компонентпен тығыз байланысты. Мысалы, тілдік норманы сақтағанмен, этикет тәртібі бұзылмағанмен тыңдаушыны// оқырманды ескермей, көңілдегідей мәтін құрастыру мүмкін емес. Мұның өзі сөз мәдениетінің коммуникативтік жағын мықтап ескеруді қажет етеді. Бұл ретте тілдің функционалдық тармақтарға тән ерекшеліктері мен қарым-қатынас прагматикасының шарттарымен санасудың керек екенін байқатады.
Тілдің әрбір функционалдық тармақтарының өзді-өзіне тән сипаты бар. Мысалы, тілдік тұлға ғылыми дискурста көбіне “ұғымдар мен” (терминдермен) жұмыс істесе, ал ресми дискурста оған дайын штамптар, дайын формулалармен жұмыс істеуіне тура келеді. Ал сондағы дайын сөз үлгілерін, штамптарды сөйлеу тілінде, көркем дискурста, уәжсіз қолдану сөйлеушінің // жазушының функцио налдық тармақтардың ерекшелігін ойдағыдай меңгермегенін көрсетеді. Сөйлеу тілінде функционалдық тармақтар болмайды. Сөз мәдениеті төмендеу адам кез келген коммуникативтік жағдаятта, ресми, бейресми қатынаста бір ғана сөйлеу тілінің нормасымен сөй лей береді, қарым-қатынас жағдаятының парқын ажырата бермейді. Коммуникативтік жағдаят, тілдік емес факторлар – сөз тал ғауға, олардың басын құрап, сөз саптауға тікелей әсер ететін аса маңызды шарттылық. Мысалы, Алматыда жаңбыр нормадан ар тық жауды (ресми), Алматыда жаңбыр шелектеп құйды (сөйлеу), Алма тыда жаңбыр қатты жауды (бейтарап) дегендердің айыр масы коммуникативтік жағдаятпен, яғни “қандай жағдайда”, “қандай мақсатта”, “кімге” деген тілдік емес сыртқы шарттылықпен байланысты.
Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері.
– Алматы, 2007.