СӨЗ ДҰРЫСТЫҒЫ
Сөздің дұрыс айтылуы деп әр сөздің, әр сөйлемнің дұрыс күйінде жұмсалуын айтады. Қазіргі қазақ тіл білімінде бұл саланы орфоэпия деп атайды. А.Байтұрсынұлының айтуынша, бұл саланың келесідей нысандары бар:
1. Сөздердің тұлғасын, мағынасын өзгертетін түрлі жалғау, жұрнақ, жалғаулық сияқты нәрселерді біліп, әрқайсысын өз орнына тұтыну.
2. Сөйлем ішіндегі сөзді дұрыс септеп, дұрыс көптеп, дұрыс ымыраластыру.
3. Сөйлемдерді бір-біріне дұрыс орайластырып, дұрыс құрмаластырып, дұрыс орындастыру.
А.Байтұрсынұлы. Әдебиет танытқыш. – Алматы, 2003