СӨЗДІҢ ҚИСЫНДЫЛЫҒЫ
Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркестердің грамматикалық тұлғаларының өз орнында қолданылуын және лексикалық мағынаның орынды жұмсалуын айтады. Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функционалдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білі ніп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілмен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдаланылу табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымының болғаны жөн. Сондай-ақ, ісқағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегідей сөздің стилистикалық бояуын қолданудың еш қисыны болмайды.
М.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, М.Манасбаев.
Қазақ тілінің стилистикасы. Оқулық. – Алматы, 2005. М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті.
Оқулық. – Алматы, 2006.