ОҚАП КАБИҒОЖИН

ОҚАП КАБИҒОЖИН
ТУҒАНЫНА 120 ЖЫЛ (1901-1942)

Қазақтың күйші-домбырашысы, Қазақ ССР-і еңбек сіңірген артисі Кабиғожин Оқап 1904 жылы Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданында дүниеге келген. Шаруа отбасынан шыққан.
Қабиғожин жасынан домбыра тартып, скрипкада қазақ, татар әуендерін орындап, ән де салған.
1933-1934 жылдары Орал қаласындағы театр студиясында оқиды.
1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетінде Құрманғазының „Сарыарқа», Жантөренің „Шалқыма» және Түркештің „Байжұма» күйлерін орындауда шеберлік көрсетті. Осыдан кейін қазақтың халық аспаптар оркестрі кұрамына қабылданды.
1939 жылы Москвада өткен Бүкілодақтық көрмеге қатысты.Ол қазақтың күйші-композиторларының, Құрманғазы, Дәулеткерей, Мәмен, Түркеш, соқыр Есжан тағы басқалардың шығармаларын белсене насихаттады. Құрманғазының өмірі туралы көптеген тың деректер берді.
Қабиғожин Оқап 1942 жылы 5 маусым айында Алматы қаласында қайтыс болды.


Әдебиеттер

Бұрабаев Т. Қабиғожин Оқап. //Қазақ ССР: қысқаша энциклопедия.-Алматы, 1989.-Т.4.- 317 6.
Жұмағалиев Б. Арқалы күйші /Б. Жұмағалиев //Орал өңірі.-2001.- 25 желтоқсан
https://www.inform.kz/kz/kuy-atasy-kurmangazy-men-dinanyn-izbasary-okap-kabigozhin_
https://egemen.kz/article/174813-khalqyna-demesin-bolghan-kuyshi

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *