НАЗИБ ЖИГАНОВ
ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ (1911-1988)
Орал қаласының сол бір кезеңде татарлар мекені деп аталған ескі бөлігінде тұратын қарапайым өзен- кеме шаруашылығының қызметкері Ғаяз Садрыжиһановтың жанұясында 1911 жылы 15 қаңтарда Нәжіп атты ұл дүниеге келді. Өмірдің алғашқы күндерінен бастап- ақ өмір оны біраз сынақтардан өткізді. 1912 жылы әкесі,1916 жылы анасы дүниеден озды.1918 жылы қалада бірнеше жетім балалар үйлері ашылып Назиб сол үйлердің біріне қабылданады.№13 мектепте алғашқы сауатын ашып, пионер коммунасында пионерлер қатарына бірінші болып қабылданды. Сол кездері оның музыкаға деген қызығушылығы ояна бастайды, біртіндеп аспапта түрлі әндер мен әуендерді ойнай бастайды, яғни Назибтің бойында өнерге деген құлшыныс пайда болады.
Назиб Гаязұлы Жиганов – толық жоғары білім алған тұңғыш татар сазгерлерінің бірі, татар операсы мен симфония әлемінің негізін қалаушы. Ол Кеңестер Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, РСФСР және ТАССР еңбек сіңірген өнер қайраткері, СССР Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері, Ғ. Тоқай атындағы ТССР Мемлекеттік сыйлығының иегері.
Саз әлемінің құдіретті күші Назиб Ғаязұлы Жигановтай ерекше тұлғаның жүрек қылын шерте білді. ХХ ғасырдың атақты сазгерінің біздің жерлесіміз болғандығы көкірегімізге қуаныш ұялатады. Өйткені оның шығармалары әлемдік байлығымыздың қатарынан ойып тұрып өз орнын алған. Мұның айғағы-Назиб Жиганов «Ирек», «Алтынчач», «Ильдар», «Туляк», «Шагырь», «Намус», «Джалиль» операларының «Кырлай» поэмасының, «Нафиса» увертюрасының, «Симфониялық әуендер», «Сабантуй» — барлығы 17 симфонияның; «Фатых», «Зюгра», «Две легенды» балеттерінің әндерін жазды.
Саз әлемінің құдіреті сазгердің жан дүниесіне аз ғана уақыттың ішінде ерекше әсер етіп, ең қиын жылдары оның талантының жан-жақтылығын айқындайтын туындыларды дүниеге әкелуіне ықпал етті.
Осындай шығармашылық қызметімен қатар Назиб Жиганов ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметімен де ерекшеленді. Оған ТАКР- дың сазгерлер одағын құру тапсырылады,1939-1977 жылдар аралығында оның тең төрағасы болып қызмет атқарып,1948-1988 жылдарда СССР мен РСФСР- дың Сазгерлер одағының мүшелігіне сайланады, кейіннен хатшы болып сайланады.
Назиб Жиганов көрнекті қоғам қайраткері ретінде де танымал болған, ол қоғамның ең беделді орталарында жүрген.
Татар халқының ұлы композиторы 14988 жылы 2 маусым күні Уфа қаласында өткен концерттен соң қайтыс болды. Көрермен оны 20 минут бойы сахнада жібермей қол соққан болатын…
Назиб Жиганов-өз заманының ұлы, өз еңбегімен елдің ірі қоғам қайраткеріне дейін көтерілді.
Әдебиеттер
Жиганов Назиб Гаязұлы //Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия.-Алматы:Арыс,2002.-285 б.
Жиганов Назиб Гаязович //Қазақ өнері. Энциклопедия.-Алматы: Қазақстан даму институты,2002.- 222 б.
Тенишева С.Саз құдіреті /С. Тенишева //Орал өңірі.-2009.-15 қазан.-(№116)