МҰРАТБЕК ЖОЛАМАНОВ
ТУҒАНЫНА 55 ЖЫЛ (1966-2000)
Суретші Мұратбек Тауфиқұлы Жоламанов 1966 жылы 13 қазанда Жымпиты ауданы, Жосалы ауылында дүниеге келген. 1985-1988 жылы Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінің көркемсурет-безендіру бөлімінде оқыған. Алматы көркемсурет училищесінің живопись бөлімін үздік бітірген (1990). 1991 жылы Сырым Датұлының 250 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен республикалық конкурста «Сырым батыр» атты портреті жүлделі орын алды. 1991-1996 жылы Алматы театр, кино және көркемсурет институтында оқып бітірген. «Хан көтеру» атты дипломдық жұмысы ең үздік картина ретінде бағаланып, сол институттың қорында, ал өзі сонда қызметке қалдырылған. Жоламанов институт жанынан Қазақстан жас суретшілер ұйымын құруға жетекшілік етті. Көптеген сурет көрмелеріне қатысқан. Денсаулығына байланысты 1997 жылы елге оралды. Тұңғыш жеке көрмесі 1999 жылы Орал қаласында өтті. Жоламановтың артында «Құлагер», «Рух шақыру», «Еділ-Жайық», «Күлтегін мен Білге туралы жыр»,«Сарын», «Қазанат», «Тұмар», «Қорқыттың теңізге келуі», «Керей-Жәнібек», «Жаман ырым немесе қағанаттың құлауы», «Қызғыш құс», «Жекпе-жек», «Аттиланың елесі», т.б. картиналары қалды
Әдебиеттер, дереккөздер
Бәкейқызы Г. «Қастеев музейінде көрме өткізсем, арманым болмас еді» дейтін / Г. Бәкейқызы//Дана.- 2015.- №4.- 24-25 б.
Жоламан Мұратбек Құлагер тағдыр / М. Жоламан; Құраст. Бақтыгереев.- Алматы, 2007.- 78 б.
Кемелбаева А. Мұратбек Жоламанов «Құлагер» / А. Кемелбаева//Ақиқат.- 2012.- №7.- 75-78 б.
Мұқамбетқалиева М. Ылғи да асығыс, қарбалас жүретін… / М. Мұқамбетқалиева //Дана.- 2015.- №4.- 20-21 б.
Раянов Б. Мұратбек кішкентайынан ұлтшыл еді / Б. Раянов//Дана.- 2015.- №4.- 21 б
https://www.astana-akshamy.kz/tag/muratbek-zholamanov/
https://www.inform.kz/kz/bko-da-suretshi-muratbek-zholamanovtyn-musini-ornatyldy_a2967999
http://presidentlibrary.kz/en/node/3437
https://adebiportal.kz/kz/news/view/567