МЕРУЕРТ ӨТЕКЕШЕВА
70 ЖАСТА (1951)
Кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Өтекешева Меруерт Қаратайқызы 1951 жылы 25 ақпанда Жәнібек ауданында дүниеге келген.
1968 жылы Алматыдағы 66-мектепті бітіріп, сол жылы «Қыз Жібек» кинофильмінің басты кейіпкері рөлін ойнауға шақырылған. 1969-73 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік мәдениет институтының театр факультетін бітірген. КСРО Халық артисі Х.Бөкееваның класында дәріс алған.
1973 жылдан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының әртісі.Театрдағы алғашқы рөлі Ш.Айтматовтың «Ана-Жер Ана» спектакліндегі Әлиман (1973), М.Әуезовтың «Қаракөз» спектаклінде Қаракөз рөлі үшін 1982 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық Жастар шығармашылығы байқауының лауреаты атанған. Мерует Қаратайқызы сонымен қатар республикалық «Жігер» фестивалінің де лауреаты.
Мерует Өтекешева «Қыз Жібек» (1970), «Ағам менің» «1972), «Ұлымның оралуы» (1977), «Қосымша сұрақтар» (1977), «АждаҺа жылы» (1981), «Орнамент» (1982), «Кінәңді ақта» (1983), «Жауын», «Ақ бақсы», т.б. «Қазақфильм», «Қырғызфильм», «Мосфильм» студияларында түсірілген фильмдерде ойнаған.
Әдебиеттер
«Атаманның ақыры» мен «Қыз жібек» немесе Бекежан мен Қасымханға барар жол [Текст] // Бала би. – 2010.-№12.- 49-76 б.
Жұмабай Назерке. Төлегенін сағынған Қыз Жібек [Мәтін] / Н. Жұмабай // Egemen Qazaqstan. – 2020.- 6 наурыз (№46).- 14 б.
Өтекешева Меруерт Қаратайқызы:[Өмірдерек]//Батыс Қазақстан облысы: Энциклопедия.- Алматы, 2002.- 444 б.
https://www.kino-teatr.ru/kino/acter/w/post/33317/bio/
https://brod.kz/persons/meruert_utekesheva/