ЖАНҒАЛИ НАБИУЛЛИН

ЖАНҒАЛИ НАБИУЛЛИН
ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ (1936-2015)

Есте қалмаған ерте замандарда, адамзат табиғатының тура мағынасындағы төл перзенті болып тұрғанында, қатарында бірге өріп жүрген жан-жануарлардың тілін білген ғой. Сол сияқты ақын Жанғали Набиуллинді поэзия сынды киелі ұғымның, өрелі өнердің мэтрі деп есептеуге болады.
Қаламгер үлкен ой айту үшін үлкен құбылыстарды сөз етпейді. Жанғали ақынның өлең сомдау тәсілі, осы жолдағы ерекше тәжірибелері ойлы оқырмандар мен сұңғыла сыншыны күтіп тұрғандай.
Ақ Жайық атырабында туып- өсіп, кіндік қаны тамған қасиетті өлкеден табан аудармай, төл поэзиямызға елу жылдан астам уақыт бойы олжа салып келе жатқан арқалы ақын айтарлықтай еңбегімен ел назарына ілігіп отыр.
Жанғали Набиуллиннің көркем туындыларын атап өтетін болсақ, ол 1961 жылдан басталып, биылғы жылдың аралығын қамтып тұр. «Жас дәурен», «Ақ жаңбыр», «Таныс әуендер», «Ақ сөйле, жүрегім!», «Орда- қаһармандар қаласы», «Шыңға шырқау», «Қазақ совет поэзиясының антологиясы», «Қасқағым», «Жырлайды жырлар», «Жоғары кернеу», «Жетінші перне». Осылардан көрініп тұрғанындай ақын тынымсыз тірлікке өзін байлап беріп, үнемі ізденіс үстінде болған.Ақынның өлеңдерін оқи отырып, оның ізденісі де, іркілісі де есепсіз еместігін байқауға болады. Ол сара жолмен келе жатып, өзін сынау үшін, оқырманын ойландыру үшін әдейі эксперименттерге барады екен. Осы себептерден де бір кітабына екінші кітабы мүлдем ұқсамайды. Ақын тақырыпты таңдау, оны аша түсу, мұрат биіктігі мен ой тереңдігі арқылы оқырманға әсер ету жағынан жаңалық іздеуге күш салады.
Ақын өлеңдері ел өмірін, халық тарихын ақындық тебіреніспен шебер де көркем бейнелеуімен ерекшеленеді.
Ақын Жанғали Набиуллин Жаңақала ауданының және Орал қаласының Құрметті азаматы.

Әдебиеттер

Набиуллин Ж. Жетінші перне /Ж. Набиуллин.-Орал: Полиграфсервис, 2006.- 344 б.
Набиуллин Ж. Жетінші перне: Жаңа өлеңдер: Үшінші кітап /Ж. Набиуллин.-Орал. Полиграфсервис, 2003.- 284 б.
Набиуллин Ж. Жетінші перне: Әзіл әңгімелер /Ж. Набиуллин.-Орал:
Полиграфсервис, 2002.-181 б.
Набиуллин Ж. Жоғары кернеу: Өлеңдер /Ж. Набиуллин .-Алматы: Жазушы,1989.- 123 б.
Набиуллин Ж. Жырлайды жылдар: өлеңдер, поэмалар /Ж. Набиуллин.-Алматы: Жазушы,1985.-198 б.
Набиуллин Ж. Жұлдызды Жайық: Өлеңдер / Ж. Набиуллин//Жайық үні.- 2011.- 15 желтоқсан.-(№50).- 7 б.
Набиуллин Ж. Қас қағым: Жыр кітабы /Ж. Набиуллин.-Алматы: Жазушы,1983.- 88 б.

Ақын туралы

Балмолда М. Тәкаппар жырдың тарланы / М. Балмолда//Орал өңірі.- 2015.- 24 желтоқсан (№166).- 17 б.
Ғинаятқызы А. Жәкең сертіне адал болып өтті / А. Ғинаятқызы//Дана.- 2016.- №2.- 37-39 б.
Жанғали Набиуллин//Орал өңірі.- 2015.- 11 шілде (№83).- 9 б.
Жолдығали Г. Жайықта бір Жанғали / Г. Жолдығали//Орал өңірі.- 2011.-26 қараша.-№136.- 2 б.
Таймасұлы Т. Қош, Жайықтың жыр жампозы! / Т. Таймасұлы//Орал өңірі.- 2015.- 16 шілде (№85).- 17 б.
Шүйіншәлиева М. Жұмақта бол, Жанғали аға! / М. Шүйіншәлиева//Жайық үні Жизнь города.- 2015.- 16 шілде (№28).- 28).- 6

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *