ДЖОУЛЬ-ЛЕНЦ ЗАҢЫ, кедергісі R болатын өткізгіштен t уақыт аралы- ғында өткен І ток кезінде әлгі өткізгіште бөлінетін Q жылу мөлшерін анықтайды: Q = аІ2 Rt, мұндағы а – пропорционалдық коэффициент. Сонымен, Джоуль-Ленц заңы бойынша өткізгіштен бөлініп шығатын жылу мөлшері (Q) оның кедергісіне (R), ток өтетін уақытқа (t) және ток күшінің квадратына (І2) пропорционал болады. Егер І ампермен, R оммен, t секундпен өлшенетін болса, онда а = 0,239 болғанда, жылу мөлшері (Q) – калориямен, ал а =1 болғанда Q – джоульмен өрнектеледі. Бұл заңды 1841 жылы ағылшын физигі Джеймс Джоуль (1818 – 1889) тұжырымдаған және 1842 жылы орыс физигі Эмилий Ленц (1804 – 1865) тәжірибе жүзінде дәлелдеген. Электрлік және жарықтандырғыш қондырғылардың, жылытқыш және қыздырғыш электр аспаптарының жұмысы осы заңға негізделген.