ДЖОУЛЬ ЗАҢЫ

ДЖОУЛЬ ЗАҢЫ – белгілі массалы идеал газдың ішкі энергиясының оның көлеміне тәуелді болмай, тек температураға ғана тәуелді болатынын айғақтайтын заң. Бұл заң идеал газ туралы кинетикалық теория түсініктерінен шығады: молекулалар арасында өзараәсерлесу болмайды (өзараәсерлесудің потенциалдық энергиясы нөлге тең), сондықтан молекулалардың арасындағы қашықтықтардың өзгеруі (көлемнің өзгеруі) ішкі энергияны өзгертпейді. Заң ағылшын физигі Джеймс Джоульдің (1818–1889) құрметіне аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *