ДЖОЗЕФСОН ЭФФЕКТІСІ

ДЖОЗЕФСОН ЭФФЕКТІСІ – екі асқынөткізгішті бөліп (ажыратып) тұратын жұқа диэлектрик қабат арқылы [ Джозефсон жанаспасы (жапсары) ] асқынөткізгіш токтың өтуі; 1962 жылы асқынөткізгіштік теория негізінде ағылшын физигі Брайон Джозефсон (1940 жылы туған) алдын ала болжаған, 1963 жылы ғылыми тәжірибе жүзінде анықталған. Өткізгіштік эектрондар туннельдік эффектінің нәтижесінде диэлектрик (қалыңдығы ~ 10Å = 10–9 м) металл тотығының пленкасы арқылы өтеді. Егер де Джозефсон жанаспасынан (жапсарынан) өтетін токтың мәні жанаспаның кризистік тогынан артпайтын болса, онда жанаспада кернеудің түсуі болмайды (о р н ы қ т ы Джозефсон эффектісі). Егер жанаспа арқылы кризистік токтан артық ток өткізілсе, онда жанаспада кернеудің түсуі пайда болады және жанаспа электрмагниттік толқын (о р н ы қ с ы з Джозефсон эффектісі) таратады (шығарады). Тек айнымалы ток қана электрмагниттік толқын таратады – дәл сондай ток жанаспада кернеудің (V) тұрақты түсуі кезінде Джозефсон

1-сызба. Асқынөткізгіш жұптың туннельденуі.      2-сызба. Джозефсон элементі.

жанаспасынан өтеді. Сәуленің жиілігі (ν) кернеумен (V) ν=2еV/h қатынасы арқылы байланысады, мұндағы е – электронның заряды, h – Планк тұрақтысы. Асқынөткізгіштік ток тудырушы жұпқа біріккен электрондар жанаспа арқылы өткен кезде асқынөткізгіштің негізгі күйіне қатысты артық 2 еV энергия алатын болады. Электрондар жұбының негізгі күйге қайтып оралуы үшін бірден-бір мүмкіншілік – кванттық электрмагниттік = 2еV энергия шығаруы (таратуы) қажет. Джозефсон эффектісі асқынөткізгіштерде электрондық реттіліктің – фазалық когеренттіліктің болатынын аңғартады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *