Болат Сыбанов

Болат Сыбанов, әнші, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі туғанына 80 жыл
(1938-1998)

Әнші, сазгер Болат Сыбанов Жаңасемей ауданы, Изатолла ауылында туған. 1957 жылы Семей облыстық музыкалық драма театрына қызметке алынып, көптеген ірілі-ұсақты рольдерді сомдады.
Б.Сыбановтың сазгер ретінде халыққа кең тараған «Таң самалым», «Жан ана», «Әке туралы», «Отан туралы», «Жауынгер сағынышы» атты әндері халықтың сүйіп орындайтын әндері. Кейіннен тіл туралы, достық, туыстық, ел бірлігі туралы әндер шығарған. Болаттың 30-ға жуық әндері шабытты көңілден туған шынайы әндер еді. Оның орындауындағы Б.Тәжібаевтың «Ақбұлағы» күнде радиодан орындалып жататын. Республика ән әуесқойларының назарына ілігіп, астанадағы үлкен коцерттерге қатыса бастады. Оның дауысын байқаған атақты әнші Ғ.Қүрманғалиев: «Өзіңнің дауысың ешкімге ұқсамайды екен. Әншіге таптырмайтын ең басты қасиет»- деп бағалаған болатын. Болат әр концерттен олжалы оралып, ән тарландарынан тиісті бағасын алып жатты.
Болат Сыбановтың орындауындағы қазақ қауымына кең тарап кеткен «Жұлдызым» әншінің ән табиғатындағы көңіл кернеуін, үн деңгейін, тербеліс ырғағын сәтті сезінгендігін және өзіне лайық әнді талғай алар қабілетті белгісін білдірсе керек. Сонымен қатар «Таң самалы» да сазгердің елеулі табысы.
Музыка мөдениетін танытуда сіңірген зор еңбегі үшін 1987 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» атағы берілді.Сазгердің әндері Моңғолия, Түркия қазақтарына да таныс. Б.Сыбанов Орта Азия кәсіби әншілері конкурсының лауреаты. Әншінің «Өмірім-өнерім» атты кітабы шықты. Семей өңірінде ғана емес, Қазақстанға танымал белгілі әнші, сазгер Болат Сыбановтың әндерін шет жерде жүрген қандастарымыз да сүйсіне шырқайды.
1990 жылдан бері Семей қаласындағы жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге қызмет көрсететін аумақтық өлеуметтік орталығының рухани демеушісі. 2004 жылы «Хабар» агенттігінің шақыруымен «Алматы — менің бірінші махаббатым» атты VI ретро-фестиваліне қатысып, дипломант атанды.

Әдебиеттер:

Ережепұлы Е.Ауданның даму қарқыны // Семей таңы. — 2013. — 26 ақпан. — Б. 5
Ибрагимов Т. Домбыралы ән // Толқын толғау.-Алматы: Өнер, 2011. — 311-315 б.
Иманбаева А. Сағынды елің үніңді // Мәдениет. — 2011. — №4. — С. 32-33
Кәкімұлы Қ. Аққұдықтан «Ақбұлаққа» дейін…: Болат Сыбанов — 75 // Семей таңы . — 2012. — 17 сәуір. — 5 б7
Кеңесбай, Т. Әкесінің қанаты // Ертіс өңірі. — 2014. — 19 ақпан. — Б. 12
Мұхаметқалиқызы А. Тума талант // Семей таңы . — 1999. — 29 сәуір. — Б. 4
Рахымов Т. Сөнбейтін шамшырақ: (Әнші-сазгерді еске алу) // Үш анық.-1999.-№8 (мамыр)
Сейсенов Д. «Әнім -бақытым» // Семей таңы. — 1975. -13 август.
Сейсенұлы Д. Әнші-сазгерді еске алды // Егемен Қазақстан.-1999.-25 мамыр

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *