АЙТЖАН ТОҚТАҒАНОВ

АЙТЖАН ТОҚТАҒАНОВ
ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ (1946)

Белгілі домбырашы, педагог Айтжан Есенұлы Тоқтағанов 1946 жылы қарашаның 5- ші жұлдызында қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауыл советінде дүниеге келген.
Болашақ домбырашының әкесі -Есенғазы және шешесі – Зәру өнерден құралақан адамдар емес еді. Сондай — ақ, үлкен апасы Уәсила да қара өлеңнің аса үлкен шебері болатын.
Мінеки, аталмыш адамдардан, өзін қоршаған ортадан үлкен тағылым алған Айтжанның бойында үлкен өнер талғамы қалыптасты.1963 жылы орта мектепті аяқтаған А.Есенұлы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы мемлекеттік саз училищесіне оқуға түседі. Осы жерде, мектепте оқыған жылдары Е.Сабыров, М.Сабыров, Б.Аюпов сияқты белгілі музыканттардан алған өнегесін одан әрі жетілдіреді. 1967 жылы училищені үздік бітіріп, А.Тоқтағанов сол жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары факультетіне түседі. / проф. Б.Қарабалинаның класы/. Осы жылы жас домбырашы Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық ұлт -аспаптар оркестіріне қызметке орналасады.
А.Есенұлының музыкант ретіндегі есею жылдары осы Құрманғазы оркестріндегі қызмет өткен кезеңге сәйкес келеді. Оркестрдің кұрамында туған республиканың төрт тарабының барлығында, сондай — ақ барлық ТМД республикаларында, оның сыртында Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Моңголия, Сирия, Франция, Италия, Түркия, Жапония, Америка сияқты шет елдерде өнер көрсетеді.
1972 жылы мемлекеттік консерваторияны үздік аяқтаған А.Тоқтағанов жолдама бойынша — Құрманғазы атындағы ұлт -аспаптар оркестріне біржола бекітіледі. Осы оркестрде қызмет жасаған жылдары, бұл кезде белгілі бола бастаған домбырашы, ұлттық музыкалық педагогика жайлы толғана бастайды. Осы толғаныс 1977 жылы күйшіні әуелі П.И.Чайковский атындағы музыка училищесіне /қазір колледж/, сосын Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына ұстаздық қызметке жетелеп әкеледі. Оркестрде істеген жылдары Қали Жантілеуов, Шамғон Қажығалиев, Рүстембек Омаров, Самиғолла Андарбаев, Бахтияр Құбайжанов, Айса Шәріпов сынды дәулескер күйшілер және тәжірибелі ұстаздардан алған мол мағлұмат пен тағылымды енді бүгінгі шәкірт — ертеңгі музыканттың көкірегіне енеді.
А.Тоқтағановтың жаздырған «Жігер» /1989/, «Есбайдың күйлері» альбом /1991/ сияқты гигант, оның сыртында көптеген грант және миньон күйтабақтары ұлттық музыка мәдениетінің алтын қорынан өзінің еңселі орнын алды.
Дәулескер күйші, көрнекті ұстаз, музыка зерттеушісі Айтжан Есенұлы Тоқтағанов өзінің ұшқан ұясы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында профессор қызметінде жемісті еңбек етуде.

Әдебиеттер

Есенұлы А., Елеусізқызы Г. Күй керуені /А.Есенұлы., Г. Елеусізқызы – Алматы: Өлке, 1997.-160 б.
Құрманғазы. Күйлері /Құраст: А. Тоқтаған, М. Әбуғазы,-Алматы: Білім,
2005.- Сүгір. Қаратау шертпесі/Құраст. А.Тоқтаған,Г. Ұлтарахова, М.Әбуғазы.- Алматы, 2006.-96 б.
Тәттімбет және Арқа күйлері. /Құраст: А. Тоқтаған, М.Әбуғазы.- Алматы: Білім, 2005.-184 б. Тоқтаған, А. Атыраудың 62 Ақжелеңі . Оқу құралы /А. Тоқтаған — Алматы, 2000.
Тоқтағанов А. Күй — тәңірдің күбірі /А. Тоқтағанов –А.: Тоқтағанов, А.
Қазақ күйлерінің этимологиясы /А. Тоқтағанов — А.: Астана дауысы, 1993.
Тоқтағанов А. Ұлттық машықтан алшақ кетпейік.-А.: Астана
дауысы, 1993.
Тоқтағанов А. Үш атаның тартысы /А. Тоқтағанов -А.: Астана дауысы, 1993.
Тоқтағанов А. Домбыраға арналған пьесалар /А. Тоқтағанов.- Алматы,1986
Ол туралы

Әйпішев Е. Күй болып төгілген жан / Әйпішев // Орал өңірі. – 2013.-22 тамыз.-(№105).- 11 б.
Әйпішев Е. Күй болып төгілген жан / Әйпішев // Орал өңірі. – 2013.-22 тамыз.-(№105).- 11 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *