БАЗАРБАЙ ЖҰМАНИЯЗОВ

БАЗАРБАЙ ЖҰМАНИЯЗОВ
ТУҒАНЫНА 85 ЖЫЛ (1936-2015)

Қасиетті Ақ Жайық өңірі қашан да тума таланттарға кенде емес. Солардың бірі- Қазақстанның халық әртисі, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының бұрынғы хатшысы, профессор, «Парасат» орденінің иегері, композитор Базарбай Сағадиұлы Жұманиязов.
Базарбай Жұманиязов 1936 жылы Бөкей Ордасы ауданының Орда ауылында дүниеге келген. Ол өз туған ауылындағы орта мектептің 7 класын бітірген соң Орал педагогикалық училищесіне, одан соң Абай атындағы академиялық Опера және балет театрының жанындағы хор студиясында оқыған.
1968 жылы Жұманиязовтың тұңғыш музыкалық шығармасы-«Жер» ораториясы жазылды. Сондай- ақ оның «Махамбет» операсы,»Отан туралы кантата», «Еңбек даңқы», «Отан салтанаты»,«Мерекелік шеру», «Достық», «Кең байтақ Отаным менің» кантаталары; «Халқым туралы ән», «Кек әні» , «Қуаныш» симфониялық күйі, симфониялық оркестрге арналған екі сюитасы, Айтыс» атты вокалды- хореографиялық композициясы, «Ақырзаман жастары», «Жамбыл тойы- ел тойы» кантаталары, көптеген ән, романстары бар. Сондай- ақ ол 10 спектакль мен 18 кинофильмге музыка жазды.
Базарбай Жұманиязовтың шығармалары аса жоғары көркемдік сапасымен, кәсіби шеберлігімен, ұлттық үн- нақышымен ерекшеленеді.


Әдебиеттер

Жұманиязов Базарбай. Махамбет. Клавир = Makhambet. Clavier : Сағи Жиенбаевтың либреттасы / Б. Жұманиязов. – Алматы : Өнер, 2009. – 176 бет. – (Қазақстан опералары) .
Жұманиязов Базарбай. Махамбет. Партитура = Makhambet. Score [Ноты] : Сағи Жиенбаевтың либреттасы / Б. Жұманиязов. – Алматы : Өнер, 2009. – 292 б. – (Қазақстан опералары) .

Ол туралы
Ғабдірешұлы Т. Туған жерге қош келдіңіз! / Т. Ғабдірешұлы//Орал өңірі.- 2012.-20 қазан.- (№125).- 2 б.
Жұманиязов Базарбай.//Батыс Қазақстан облысы.Энциклопедия.-Алматы:Арыс,2002.- 291-292 б.
Жұманиязов Базарбай Сағадиұлы //Қазақ өнері..Энциклопедия.-Алматы:Қазақстан даму институты, 2002.- 229 б.
Нұрпейісова М. Тарландардың соңғы тұяғы / Нұрпейісова // Қазақ әдебиеті. – 2015.- 18 қыркүйек (№36).- 11 б.
Рысбеков Т. З. Тарихи тұлғалар: Уақыт және өмір жолдары [Текст] / Т. З. Рысбеков. – Орал : Полиграфсервис, 2017. – 272 б.
Шүйіншәлиева М. Талғамы биік композитор / Шүйіншәлиева // Жайық үні. – 2017.- 13 қазан (№41).- 1 б.
Ізбасарұлы С. Әуелеп өткен саз ғұмыр / Ізбасарұлы // Орал өңірі. – 2017.- 14 қазан (№123).- 9 б.
https://qazaqadebieti.kz/1663/bazarbaj-zh-maniyazov
https://alashainasy.kz/omir/bazarbay-sagadiulyi-jumaniyazov-56650/
https://www.inform.kz/kz/kazakstannyn-enbek-sinirgen-oner-kayratkeri-kompozitor-bazarbay-zhumaniyazov-dunieden-otti

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *