ГИДРОДИНАМИКА (гидро… + динамика) – гидромеханиканың сығылмайтын сұйықтың қозғалыс заңдарын және олардың қатты денелермен өзара әсерлесуін зерттейтін саласы. Гидродинамика идеал сұйықтардың (тұтқырлық кедергісі ескерілмейтін) және тұтқыр сұйықтардың гидродинамикаларына ажыратылған. Гидродинамика сұйықтың жалпы қасиеттеріне механиканың негізгі заңдары мен тәсілдерін қолдана отырып сұйық алып жатқан тұтас ортаның кез келген нүк- тесінің жылдамдығы, қысымы тәрізді құраушылары анықталады. Гидроди- намиканың негізгі тәсілдері жылдамдығы дыбыс жылдамдығынан (шамамен 330 м/сек ≈ 1200 км/сағ) төмен газ қасиеттерін зерттеуге де пайдаланылады.
Сүзілу теориясы, сұйықтар қозғалысының толқындық теориясы, кавитация теориясы, глиссирлер (сырғанау) теориясы гидродинамиканың құраушы сала- лары болып табылады. Кемелер теориясының негізі болатын жүзбелі денелердің тепе-теңдігі гидростатикада қарастырылады. Магнит өрісі қатысатын электрөткізгіш сұйықтардың қозғалысын магниттік гидродинамика зерттейді. Гидродинамиканың әдістері гидравлика, гидрология, гидротехника, гидротурбиналар, сорғылар, құбырлардың есеп-қисаптары мәселелерін шешеді.
Гидродинамика теориясының тұтастық және аққыштық, сонымен қатар тұт- қыр сығылмайтын сұйықтар қозғалысын сипаттау үшін үздіксіздік теңдеуі және масса мен қозғалыс мөлшерінің сақталу заңдарының сұйықтардың қарапа- йым көлеміне қолданудың салдары болатын Навье-Стокс теңдеулері пайдаланылады.
Турбуленттік ағыс кезінде сұйық немесе газ бөлшектері ретсіз қозғалатындық- тан, оның түрлі қабаттары үнемі араласуда болады. Турбуленттік ағыстың жылдамдығы тез өзгеретін толықсымалы шама болса, ламинарлық ағыстың көрші қабаттары бір-бірімен араласпайтын кез келген көлденең қимасындағы жылдамдығы сол қиманың ортасынан шетіне қарай біртіндеп кемитін болады. Шекаралық қабат деп аталатын (сұйық немесе газ ағысы ішіне орналасқан дене төңірегінде пайда болатын) жұқа қабатта жылдамдық нөлден бастап ағыс 207 жылдамдығына дейінгі шамаға артады. Шекаралық қабаттан тысқары ағысты идеал сұйық ағыс ретінде қарастыруға болады.
Гидродинамиканың эксперименттік тәсілдерінің қатарына сұйық қозғалысы мен оған шекаралас орналасқан қатты дене маңындағы ағысты кішірейтілген масштабта жасауға негізделген моделдеу тәсілдері жатады. Гидродинамика корабльдер мен ұшақтарды жобалауда, техникалық күрделі есептеулерде, мұхиттар мен теңіздердегі су мен атмосферадағы ауаның қозғалысын, өзендердің ағысын зерттегенде, т.б. жобалау және есептеу жұмыстарында кеңінен қолданылады.