ҚАРАПАЙЫМ СӨЗ

ҚАРАПАЙЫМ СӨЗ

Қарапайым сөздер – әдеби тілдің сөйлеу нормаларына жатпайтын, ауызекі тілге тән сөздер. Оған ауызекі тілдегі дөрекі, тұрпайы сөздер, варваризмдер, жаргон сөздер, кейбір диалектизмдер жатады. Сонымен бірге, қарапайым сөздердің қатары кемсіту, мұқату, мысқыл-мазақ, қарғыс, алғыс мәнінде қолданылатын, көркем әдебиетте, ауызекі сөйлеу тілінде стилистикалық бояуы бар сөздерден тұрады. Мысалы, шикі өкпе, сүмелек, тыштаңдау, былшию, бәтшағар, адыра қалғыр, көсегең көгерсін, көп жаса т.б.

                                Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *