ҒАЖАПТЫЛЫҚ

ҒАЖАПТЫЛЫҚ (S) – адрондардың (бариондар, мезондар және резонанстар) өздік өзгеше ерекшеліктерінің сипаттамасы болып табылатын «таңырқарлық» (С) және «сұлулық» (b) сандарымен қатар барлық қосылғыштарының қосындысы болатын кванттық сан. Барлық адрондардың белгілі бір бүтін санды (нөлдік, оң немесе теріс) мәндері (S) болады, сонымен қатар |S|≤3. Антибөлшектердің «таңырқарлық» ғажаптылығымен салыстырылғанда қарама-қарсы таңбалы болады. S≠0 (ғажаптылығы нөлге тең емес, бірақ та С=0 және b=0) адрондар ғажап бөлшектер деп аталған (күшті өзараәсерлесуші бөлшектерге – фотонға, лептонға S=0 мәні берілген). Күшті және электрмагниттік өзараәсерлесуге тән үрдістерде (процестерде) ғажаптылық сақталған, яғни бастапқы және соңғы бөлшектердің қосынды ғажаптылығы бірдей. Әлсіз өзараәсерлесу үрдістерінде (зарядталған ток есебінен өтетін) ғажаптылықтың бұзылуы мүмкін, сонымен қатар бастапқы және соңғы бөлшектердің қосынды ғажаптылығы |ΔS|=1 болады. Осы кездегі түсінік бойынша кейбір адрондардың S≠0 болмауы, олардың құрамына бір немесе бірнеше ғажайып кварктердің енуіне байланысты болады.
Ғажаптылықтың кванттық саны (С) π-мезондардың нуклондармен және нуклондардың нуклондармен соқтығысулары кезінде К-мезондар мен гиперондардың жеке-жеке пайда болмау (тыйым салу) фактілерін түсіндіру үшін енгізілген болатын; К-мезонның және гиперонның соқтығысу үрдістерінде (процестерінде) тек бірлесіп тууын бақылау құраушылар жұбына шамалары бойынша тең, бірақ мәндер таңбасы бойынша қарама-қарсы таңба меншіктелген кванттық сандармен түсіндіру мүмкін болды. Осы сандар ғажаптылық деп аталып кеткен және ғажаптылық күшті өзараәсерлесуде сақталып қалған. Ғажаптылықтың өзгедей кванттық сандармен байланысы Гелл-Манн – Нишиджиманың жалпыланған формуласымен өрнектелген. Қазіргі кезге дейін белгілі бөлшектердің ғажаптылығы (S) 3-тен аспайды. Күшті өзараәсерлесуге қатысатын бөлшектердің ғажаптылығы мен олардың электр зарядының (Q) арасындағы байланыс мынадай: Q = І3 + ½(S+B), мұндағы І3 – изотоптық спиннің үшінші проекциясы, В – бариондық заряд. Бұл қатыс Гелл-Манн – Нишиджима формуласы деп аталған.
S = –3 S = –2 S = –1 S = 0 S = 1 S = 2 S = 3
Ω– Ξ–, Ξ+ Λ, Σ+, Σ°,
Σ–, К–, К° р, n,
π+, π°, π–, η Λ, Σ0+, Σ°, Σ–, К+, К° Ξ–, Ξ° Ω–
Күшті және электрмагниттік өзараәсерлерге қатысатын бөлшектердің толық ғажаптылығы өзгермейді. Ал әлсіз әсерлесуге қатысқанда олардың ғажаптылығы өзгеруі мүмкін. Сонымен, ғажаптылық – жалпы алғанда жуық шамадағы кванттық сан болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *