КОДИФИКАЦИЯ

КОДИФИКАЦИЯ

Кодификация (франц. сode – таңбалау, la codification – қалыпқа түсіру) – әдеби тілдің дамуына әлеумет тарапынан ықпал жасау. Ко ди фикация – тілдің өзінің әрекеті емес. Тілді қолданушылар түр лі тілдік нормаларды белгілі бір нормаға түсіріп, қабылданған нормалардың тұрақтануына барынша ықпал етеді. Бір сөзбен айтқанда, кодификациялау – дұрыс деп танылған тілдік нормаларды қалыпқа түсіріп, жинақтап көрсету, тілдік нормалардың қалыпқа түсіп, жаппай қолданыс тапқандарын орнықтыру, заңдастыру, тіркеу. Кодификацияланған нормалардың қолданысы міндетті болып табылады. Нормалардың кодификациясы бүгінге дейін қалыптасқан, орныққан, хатталған заңдылықтарды (нормаларды) ұстануды міндеттейді. Ол тілдің қолданысында жүйелі тәртіп орнатады, тілдік заңдылықтарды тұрақтандырады.

Р.Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы. – Алматы, 2014.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *