КАНЦЕЛЯРИЗМ
Канцеляризм (лат. сancellaria – хат жүргізуші; ағылшын. chancellery/office — кеңсе) – ресми ісқағаздары мен құжаттарға тән сөздер мен сөз оралымдары. Канцеляризмдер ісқағаздарын толтыру, іс жүргізу барысында өте қажет. Ресми-іскерлік ақпаратты тұрақты түрде беруді талап ететін ресми-ісқағаздары стилі үшін канцеляризмдерді қа лыптастырудың маңызы зор. Құжаттар, актілер мен өтініштер, түрлі мазмұндағы анықтамалар белгілі бір қабылданған қалыпта жазылып, кейін мұндай ресми сөйлеуге тән сөз тіркестері, грамматикалық формалар мен құрылымдар кеңселік құжаттардан ауызекі сөйлеу тілі мен көркем әдебиет тіліне де ене бастайды. Канцеляризмдерді ерекше стилистикалық мақсатсыз ресми стильден тысқары қолдану әдеби норманы бұзу болып табылады.
КӘСІБИ СӨЗ
Кәсіби сөздер — белгілі бір кәсіп түрлеріне байланысты қалыптасқан терминдер жиынтығы. Кәсіби сөздер таралу аясының шектеулігі жа ғы нан диалект сөзге өте жақын болып келеді. Алайда бұл топқа жататын сөздер белгілі бір кәсіпке байланысты туындайтынын естен шығармағанымыз жөн. Көркем шығармаларда да кәсіби сөздер кездеседі. Кәсіби сөздердің әдеби тілдегі баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып, әдеби тілдің байлығын арттыруға болады.