ДЕЙТРОН

ДЕЙТРОН – сутектің ауыр изотопы – дейтерийдің ядросы. Дейтрон бәр нейтрон, бір протоннан құралған, массалық саны 2-ге, массасы 2,01423 атомдық масса бірлігіне, нейтронның байланыс энергиясы 2,23 (4) МэВ-қа, спині 1-ге (h бірлігінде), магниттік моменті 0,857348(9) ядролық магнетонға тең. Ол 2Н, D немесе d таңбасымен белгіленеді. Дейтрон құрамында 2 нуклон (1 протон және 1 нейтрон) ғана болғандықтан, оны зерттеу арқылы ядролық күштің табиғаты туралы мәліметтер алынады. Дейтрондағы нуклондардың спиндері параллель бағытталған. Дейтрон ядролық физикада әрі атқылайтын бөлшек ретінде, әрі нысана ретінде кеңінен қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *