ДЕЙТЕРИЙ

ДЕЙТЕРИЙ (латынша «дейтериум – екінші», D, 2Н), ауыр сутек – массалық саны 2-ге тең с у т е к т і ң т ұ р а қ т ы и з о т о п ы. 1932 жылы американ физигі әрі химигі Гарольд Юри (1893 – 1981) ашқан. Дейтерийдің атом ядросында бір протон, бір нейтрон болады, атомдық массасы 2,0147411. Дейтерий сұйық сутекті құраушыларына ажырату арқылы алынады. Сутектің де, дейтерийдің де табиғаттағы негізгі қоры – су (Н20 : D20 – 5000 : 1).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *