ДЕБАЙ ЗАҢЫ, ж ы л у с ы й ы м д ы л ы қ т ы ң – төменгі температурадағы кристалдың жылу сыйымдылығының (С) абсолют температураның (Т) үшінші
дәрежесіне (кубына) пропорционал өзгеретіндігін айқындайтын заң: 5k , мұндағы k – Больцман тұрақтысы, V – көлем, ħ – Планк тұрақтысы, ū – дыбыстың орташа жылдамдығы. Бұл заңды 1912 жылы теория жүзінде голланд физигі П.Дебай қорытып шығарған. Бұл заң қарапайым кристалдық торы болатын қатты дене құрамындағы бөлшектердің жылулық тербелістерін олардың акустикалық тербелістерімен байланыстырады. Температура абсолют нөлге жақындағанда, қатты денелердің барлығының да жылусыйымдылығы нөлге жуықтайды.
Қатты денелердің өте төменгі температурадағы жылусыйымдылығының өзгеру заңдылығы кванттық механика негізінде түсіндірілген.