ДАЛЬТОН ЗАҢДАРЫ – газдар қоспасының қасиеттері бағынатын физикалық заңдылықтар. 1) Тұрақты температурада сұйық бетіндегі бірнеше газ қоспасы- ның ерігіштігі берілген сұйықтағы газ қоспасы компоненттерінің әрқайсысы үлестік (парциал) қысымға пропорционал; газдар қоспасы ерігенде әрбір газ өзі туғызатын үлестік қысымына пропорционал ериді. Бұл заңға ерігіштіктері нашар және еріткішпен химиялық әрекеттеспейтін газдар ғана бағынады. 2) Бір-бірімен химиялық әрекеттеспейтін идеал газдар қоспасының қысымы, үлестік (жеке) қысымдардың қосындысына тең. Бұл заңды 1801 жылы ағылшын химигі әрі физигі Джон Дальтон (1766 – 1844) ашқан.