Д’АЛАМБЕР-ЛАГРАНЖ ПРИНЦИПІ

Д’АЛАМБЕР-ЛАГРАНЖ ПРИНЦИПІ – механиканың негізгі принциптерінің бірі, динамика мен статиканың есептерін шешудің жалпы әдісін қалыптастыратын принцип; мүмкін болатын орын ауыстыру принципі мен Д’Аламбер принципін біріктірген. Егер механикалық жүйенің нүктелеріне әсер етуші активті күштерді Fi инерция күшімен Ji біріктіресе, онда Д’Аламбер-Лагранж принципіне сәйкес идеал байланысы болатын механикалық жүйенің қозғалысы кезінде әрбір уақыт мезетінде активті күштердің қарапайым жұмыстарының ܣߜ௔௜ және инерцияның қарапайым жұмыстарының ܣߜ௨௜ кез келген мүмкін болатын орын ауыстыру жүйелерінің қосындысы нөлге тең болады. Д’Аламбер-Лагранж принципі математикалық формула түрінде мынадай теңдікпен өрнектеледі:
Σ немесе ∑(Fi cosαi +Ji cosβδi ) si = 0.
Мұндағы ݏߜ௜ – жүйенің мүмкін болатын орын ауыстыру нүктесінің шамасы, αі және βі – сәйкес күштермен және мүмкін болатын орын ауыстыру бағыттарының арасындағы бұрыштар, Ji = –miwi – инерция күштері, мұндағы mi – жүйе нүктелерінің массалары, wi – олардың үдеулері. Д’Аламбер-Лагранж принципінің артықшылығы идеал байланысы болатын жүйенің қозғалысын теңдеуге белгісіз реакция байланысын ендірмей-ақ зерттеуге мүмкіндік туғызған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *