
ГЮЙГЕНС – ФРЕНЕЛЬ ПРИНЦИПІ – толқындардың, әсіресе жарық толқындарының таралу есебін жуықтап шешу туралы әдісі. Бұл принципті 1678 жылы голланд физигі әрі астрономы Христиан Гюйгенс (1629–1695) енгізген. Бұл әдіске сәйкес қарастырылып отырған сәттегі толқын келіп жеткен беттің әрбір нүктесі қарапайым толқындардың орталығы болады және ол осы толқындардың сыртқы қоршаушы беті келесі уақыт сәтіндегі толқындық беті болады (1-сызба). Кері бағыттағы қарапайым толқынлар (үзік-үзік сызықты) ескерілмейді. Осы принцип бір көлемде, кез келген нүктеде жүзеге асатын бүкіл толқындық үрдістің (процестің) әсерлерін анықтау мәселесін қалауымызша алынған толқындық беттің берілген нүктеге тигізетін әсерін есептеуге әкеп соқтырып жеңілдететін болады. Гюйгенс принципі геометриялық оптика заңдарымен сәйкес келгенімен, дифракция құбылысын түсіндіре алмайды.
1815 жылы француз физигі Жан Френель (1788 – 1827) қарапайым толқындардың когеренттілігі және толқындар интерференциясы туралы түсінік енгізе отырып Гюйгенс принципін толықтырған, бұл жайт Гюйгенс – Френель принципі негізінде көптеген дифракциялық құбылыстарды (толқындар дифракциясын, жарық дифракциясын) қарастыруға мүмкіндік ашты. 1-сызба. 2-сызба. S – нүктелік тол-
Толқындық бет қын көзі; АОВ – сфералық Зоналар тәсілі деп аталатын бұл бет; Р – нүкте
көрнекі тәсіл толқындық бетті шағын (кішкене) аймақтарға (Френель зоналарына) бөлген. Сол аймақтардан таралған қарапайым толқындар интерференциясына олардың амплитудалары мен фазалары қатысады.
Гюйгенс – Френель принципіне сәйкес кез келген Р нүктесіндегі толқындық ұйытқуды бір толқындық беттің кез келген әрбір бөлігі тарататын екінші реттік қарапайым толқындардың интерференциясы ретінде қарастыруға болады (2-сызба). Осындай бет сызбада нүктелік S көзден таралатын сфералық (АОВ) толқындық бет болып табылады. Егер кез келген бөгеттермен шектелген толқындардың таралуы қарастырылатын болса (мысалы, сызбада көрсетілген мөлдір емес экранның саңылауынан), онда толқындық бетті бөгеттің шетімен жанасатындай болып таңдалуы қажет. Барлық нүктелері бірдей фазада тербелетін бет – толқындық бет немесе толқындық шеп (фронт) деп аталған. Гюйгенс – Френель принципі жарық дифракциясының көптеген түрлерін жуықтап түсіндіруге мүмкіндік береді.