
ГРАДУС (латынша – адым, баспалдақ, дәреже), т е м п е р а т у р а л ы қ – әртүрлі температуралық межелерге (шкалаларға) сәйкес болатын әртүрлі температуралық бірліктердің жалпылама атауы. Градус межелері Кельвин межесі немесе кельвин (К), Цельсий градусы (°С), Реомюр градусы (°R), Фаренгейт градусы (°Ғ), Ранкин градусы (°Rа) деп бірнешеге ажыратылған. 1К = 1°С = 0,8°R = 1,8°Ғ = 1,8 °Ra. Кельвин – Халықаралық бірліктер жүйесінің (СИ) негізі бірліктерінің бірі.