ГИДРОЛОКАЦИЯ (грекше «гидро – су» + латынша «локатция – орналастыру») – су астындағы нысандардың (объектілердің) олардан таралатын дыбыстық
сигналдарының (пассивті локация) немесе арнайы таратылатын дыбыс сигналдарының (активті локация) нысандардан (объектілерден) шағылысуы немесе шашырауы бойынша олардың орнын анықтау. Гидролокация су астындағы көрінбейтін бөгеттерді, балық аулауда топталған балық шоғырын анықтауда, мұхит зерттеуде (океанологияда) оның физикалық қасиеттерін зерттеу, теңіз түбінің картасын жасауда, суға батып кеткен
Гидролокатордың жұмыс принципі: 1 – сәулетаратқыш; 2 – қабылдағыш; 3 – ша- ғылыстырғыш дене
кемелерді іздеп табуда, нысананың координаттарын анықтауда маңызы зор.