ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ

ГИДРОДИНАМИКАЛЫҚ КЕДЕРГІ, гидравликалық кедергі – денені орағытып ағып өтетін сұйықтың немесе құбырлар, арналар қабырғаларының, т.б. әсерінен сұйық тарапынан қозғалысқа келтірілетін кедергі. Қозғалмайтын денені сұйық (газ) орағытып ағып өткен кезде немесе керісінше, дене ақпайтын (яғни қозғалмайтын) ортада қозғалғанда гидродинамикалық кедергі пайда болады. Бұл кедергі сүйықтың (немесе газдың) қозғалу (ағысына) бағытына қарсы бағытталады. Гидродинамикалық кедергіні анықтау гидроаэромеханиканың негізгі мәселелерінің бірі. Осы мәселені шашу ұшу аппараттарының, теңіз және өзен кемелерінің қозғалтқыштарының тарту күшін, олардың қозғалыс жылдамдықтарын, энергетикалық қондырғылардың талап ететін қажетті қуатта- рын анықтауға мүмкіндік жасайды.
Егер кез келген пішінді дене бірқалыпты шексіз үйкелісі болмайтын сұйықта қозғалатын болса, онда дененің артында (соңында) сұйық ағын қосылатын болады, осы жағдайда қысым кедергісі болмайды (нөлге тең болады) (Даламбер – Эйлер парадоксы). Дене тұтқыр сұйықта қозғалатын болса, онда дененің соңында сұйықтың құйындары пайда болады, осы құйын сұйықтың (газдың) дене соңында қосылуына мүмкіндік бермейтіндіктен, қысымның кедергісі нөлге тең болмайды. Қозғалыстағы дененің кинетикалық энергиясының бір бөлігі дене соңында пайда болған құйындарды өзінен аластау үшін жұмсалады, осы энергия қайтымсыз түрде жылуға айналып кетеді. Дене ауыр сұйықтардың бетімен қоз- ғалған кезде әлгі сұйықтың бетінде қосымша түрде толқындық кедергі туады. Дененің ауада және басқа газдардағы қозғалысы кезінде туындайтын гидродинамикалық кедергі – аэродинамикалық кедергі деп аталған. Сұйықтардың құбырлар ішіндегі, арналардағы қозғалыстары кезінде пайда бола- тын гидродинамикалық кедергі – гидравликалық кедергі деп аталған.
Гидродинамикалық кедергілерді анықтау әртүрлі гидротехникалық құрылыстар жобалау мен салуда да ескерілетін мәселе болып табылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *