Әуезов Мұхтар Омарханұлы

Әуезұлы Әуезов Мұхтар Омарханұлы (1897-1961) – ұлы жазушы, драматург, ғалым, қоғам қайраткері. Қазақстан ҒА-ның академигі. Абайтану ғылымының негізін салушы. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы әлемдік әдебиеттегі ерекше құбылыс ретінде бағаланды. 1959 жылы осы эпикалық шығармасы үшін оған КСРО-дағы ең жоғары сыйлық – Лениндік сыйлық берілді. Қазақ әдебиеттануы тарихындағы өзіндік орны бар «Әдебиет тарихы» (1927), «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» монографияларының авторы. 1929-30 жылдары қазақ зиялыларын жазалау науқаны басталып, М.Әуезов түрмеге қамалды. 1932 жылы қазақ әдебиетінің тарихы мен Абай туралы зерттеулерінен, «Қилы заман», «Хан Кене», т.б. шығармаларынан бас тартуға мәжбүр болды. 1951-1954 жылдары саяси-идеологиялық тұрғыдан жала жабылып, оны «ұлтшылалашордашыл» ретінде жаппай сынау науқаны басталып, 1953 жылы қамауға алу қаупі төнгенде Мәскеуге жасырын кетуіне тура келді. 1954 жылы елге қайтып келіп, өмірінің соңына дейін ғылыми-жазушылық қызметпен айналысты. 1997 жылы жазушының 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *