Сәдуақасов Смағұл

Сәдуақасов Смағұл (1901-1933) – мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы, сыншы. Голощекиншілердің қазақ халқына зиянды «Кіші Қазан» бағытына ашық қарсы шықты. Осыған байланысты «сәдуақасовшылдық» топ пайда болып, Мәскеудің Қазақстанда жүргізген отаршылдық саясатына қарсы күрескен қуатты оппозициялық күш болды. Оның басшысы С.Сәдуақасов қудалауға ұшырады. Ол бірнеше прозалық шығармалар жазып, сын жанрының қалыптасуына өзіндік үлес қосты. Сол жылдардағы әдеби айтыстарға қызу қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *