Сералин Мұхамеджан

Сералин Мұхамеджан (1872-1929) – ақын, ағартушы, журналист, қоғам қайраткері. Алғаш қазақ тілінде шыққан «Айқап» журналының редакторы. «Топжарған» поэмасы (1900) Кенесары – Наурызбай бастаған ұлт-азаттық қозғалысты жырлауға арналса, «Гүлқашима» поэмасы (1909) әйел теңдігі мәселесін көтереді. Ол Фирдоусидің «Шаһнама» дастанының «Рүстем-Зораб» бөлімін, А.Сорокиннің «Жусан» повесін қазақ тіліне аударды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *