Мәметов Ахмет

Мәметов Ахмет (1895-1938) – Алашорда қозғалысының қайраткері, ағартушы, ақын, журналист, дәрігер. «Ғалия», «Хұсаиния» медреселерінде оқыған. 1912-14 жж. «Кеңес», «Ғибрат» атты өлең жинақтарын шығарды. Саратов университетінің медицина факультетін бітірген. Қазақ тері және жұқпалы аурулар ғылыми-зерттеу институтының алғашқы директоры. Жазықсыз жаламен қамалып, ату жазасына кесілген. Оның асырап алған қызы Мәншүк Мәметова – шығыс қыздары арасынан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының Батыры.

 

А.Т.Ойсылбай  филол.ғ.к.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *